АҢДАТПА

 

Ұсынылып отырған оқу құралы – авторлардың «Геология» курсын және қосалқы пәндердің Қарағанды университетінде көпжылдық оқыту тәжірибесінің нәтижесі болып табылады. Оқу құралының негізіне жер қыртысының құрамын, құрылысын және даму тарихын танып-білудегі Н.В. Короновский, С. Бәкіров, А.К. Соколовский және т.б. ғалымдардың негізгі геологиялық іргелі тұстары алынды. Оқу құралында сонымен қатар, геолоогияны және геоморфологияны зерттеудегі қазақстандық зерттеушілер мен көптеген ғалымдардың ғылыми мақалалары кеңінен қолданылды.

«Геология» курсы университеттегі 1 курстың білім алушыларына базалық компоненті ретінде оқытылады.